aspan

ПРЕЗИДЕНТ ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІ КНЕССЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АМИР ОХАНАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды.

Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта  серіктестік орнатуға әзір екенін растады. Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЗЕЛЁНАЯ БАЛКА»: 35 СЕМЕЙ ОТМЕТЯТ НОВОСЕЛЬЕ

Телеарна ХанТВ

Ақшаға қосымша бір балл: Шымкентте студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған схема әшкереленді

Редактор HAN TV

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БОҚТАП, ТҮКІРГЕНДЕР КӨШЕ СЫПЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ