aspan

ІІМ: ЕЛОРДАДА КРИМИНАЛИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАРДЫ ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН БІРЕГЕЙ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ  

Телеарна ХанТВ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Телеарна ХанТВ