-4.7 C
Shymkent
10 марта, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ КӨЛІК ҰРЫСЫН ҰСТАДЫ

Алматыда полиция көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматының Алмалы ауданының полицейлері бөтен адамдардың көліктерінің әйнегін сындырып, дисплейді ұрлап кеткен адамды ұстады.

Айта кетейік, тергеу барысында 48 жастағы күдіктінің осыған ұқсас төрт ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды. Жедел деректерге сәйкес, қаскөй қаланың басқа жерлерінде де, тек түнде ғана ұрлық жасап жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адамның қылмыстық әрекетінің басқа да ықтимал эпизодтарын анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ол азаматтың бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталғаны анықталған. Қазір ол қамауға алынды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Телеарна ХанТВ

“SUNRISE CҮ” ЖШС-НІҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБАТЫН БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«СЕНДЕГІ МЕНІ ӨШІРМЕ»

Телеарна ХанТВ