aspan

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

Шымкентте 10 жыл бойы қараусыз қалған «Фосфоршылар сарайы» қайта жаңғыратын болды. Ғимараты жіті экспертизадан өткізген мамандар нысан әбден ескіріп, тозығы жеткенін айтады. Сол себепті бұл ғимарат қайта жөндеуге келмейді екен. Сол себепті фосфоршылар сарайы толық сүріліп, қайта салынады.

Ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған бұл ғимарат 1975 жылы пайдалануға берілген. Соңғы 10 жылдай уақыт бойы қараусыз қалған нысан әбден бүлініп, қираудың шақ алдында тұр. Сондықтан бұл ғимарат қайта күрделі жөндеуге жатпайтын болғандықтан толықтай сүріліп, қазіргі кескін-келбеті сақтала отырып, қайта тұрғызылмақ.

90 жастағы Өркен Әбдіреев Фосфоршылар сарайы қараусыз қалған сәттен бастап бұл мәселені ұдайы көтеріліп келген. Алайда, соңғы 10 жылдың ішінде мегаполис әкімі 3 рет ауысса да бұл мәселені бірде-біреуі қолға алмаған. Ақсақалдың мәселесіне тек  Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбеков қана құлақ асыпты.

Фосфоршылар сарайын қайта жаңғыртуды «Сәби» қайрымдылық қоры жүргізетін болады. Яғни, ғимарат толықтай сүріліп, тарихи кескін-келбеті сақтала отырып, заман талабына сай барлық талаптар сақтала отырып, жаңа ғимарат бой көтеретін болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

ВЕЙПТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ 32 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АЯҚ ЖОЛДАР МЕН ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ