19.3 C
Shymkent
21 сентября, 2026
aspan

ЕЛДЕ НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

Тбилиси мен Грузияның басқа да ірі қалаларында үкіметтің Еуропалық Одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді 2028 жылға дейін тоқтату туралы шешіміне байланысты наразылық шарасы жалғасып отыр. Көшеде ондаған мың адам бар. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Наразылық шерулері ел астанасында ғана емес, елдің Батуми, Кобулети, Озургети және басқа да қалаларында өтіп жатыр. Тбилиси мен елдің басқа да ірі қалаларында ондаған мың адам көшеге шықты. Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Тбилисидегі наразылық шерулерінің алғашқы төрт күнінде 224 адам ұсталған. Ал ВВС мәліметінше, полиция наразылық білдірушілерді Руставели даңғылындағы парламент ғимараты мен оның маңындағы көшелерден ығыстырып жібергенімен, шерушілер орталықта қалып отыр. Тәртіп сақшылары шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданып отыр, олар петардалар атып жауап беріп отыр. Демонстранттар қауіпсіздік күштерінен біршама қашықтықта тұр, бірақ тарамай отыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Телеарна ХанТВ

Шекарашылар адам өмірін құтқарды

Телеарна ХанТВ