aspan

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЮН СОК ЕЛЬГЕ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Оңтүстік Кореяның биліктен аластатылған және тұтқындалған президенті Юн Сок Ельге ресми түрде айып тағылды.

Ол елде әскери жағдай енгізу арқылы бүлік жасамақ болғаны үшін жазықты деп танылған. Бұған қатысты сот ісі алты ай ішінде басталады. Ол уақытқа дейін президент қамауда болады. Прокурорлар Юн Сок Ельді бұрынғы қорғаныс министрімен және басқа да тұлғалармен жасырын келісіп, 2024 жылғы 3 желтоқсанда заңсыз әскери режим жариялап, бүлікке итермек болды деп айыптап отыр. Ал биліктен шеттетілген президенттің адвокаттары бұл айыпты жоққа шығарып, сотта дауласатынын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

🏗️ Жұмысшы мамандықтар жылы: 17 наурызда «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы басталады

Телеарна ХанТВ

«Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

Телеарна ХанТВ

ПОЙЫЗ БЕН АВТОБУС СОҚТЫҒЫСТЫ

Редактор HAN TV