aspan

БУРАБАЙҒА 2,5 САҒАТТА ЖЕТКІЗЕТІН ПОЙЫЗ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадан Бурабайға 2,5 сағатта жеткізетін пойыз іске қосылды.Бұл бағыттың ерекшелігі —  курорттық аймаққа еш аялдамасыз 2 сағат 26 минутта жетуге болады. Онда 6 вагон бар және 574 жолаушы сыяды.

Билет құны 2500-2700 теңге аралығында. Пойыз вагондары Қазақстанда жасалған (ЗИКСТО) және «Комфорт Плюс» класты орындықтармен жабдықталған. Сонымен қатар жол бойында Астана мен Бурабайдың табиғаты мен тарихы туралы эксклюзивті аудиогидті тыңдауға болады.Алғашқы күні-ақ туристік пойыз билеттерін 100-ден астам жолаушы сатып алған. Келушілерге мерекелік фуршет, викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар таратылды.Айта кетейік, қазіргі уақытта Астанадан Бурабай курортына дейін әртүрлі кестемен 5 пойыз жұмыс қатынайды.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Семейдегі «Юность» шағын ауданында заманауи қоғамдық кеңістік салынып жатыр

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАС КҮЙДЕГІ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІН ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

«30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ