26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері өтті. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы болды.

Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуында рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.Айта кетейік,  Этноауылда ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылды  және  «Керуен Сарай» кешенінде Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және Сержанәлі сынды өнер жұлдыздарының және Келес ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Редактор HAN TV

Даурен Абаев назначен чрезвычайным и полномочным послом Казахстана в России

admin