aspan

БІЛІМ САПАСЫНА АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Абай облысында биыл сұранысқа ие мамандықтарға 200 әкім гранты бөлініп, олардың әділ әрі әдістемелік тұрғыда дұрыс бөлінуін аймақ басшысы Берік Уәлидің өзі бақылауда ұстаған.Облыс әкімі Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында жергілікті бюджет есебінен берілген білім грантының иегерлерімен кездесті.

Шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж және мектеп директорлары, басқарма басшылары, студенттер қатысты.Білім гранттарын бөлу бағдарламасы алғаш рет 2023 жылы қолға алынған болатын. Ал биыл тұңғыш рет «Журналистика» және «Стоматология» мамандықтарына да грант қарастырылып, жаңа кадрларды даярлауға жол ашылды.Айта кетерлігі, республика көлемінде біздің облыс 200 грантпен алдыңғы алты өңірдің қатарынан көрінді.Берік Уәли грант иегерлерін құттықтап, жастардың алған білімін туған елдің дамуына арнау – басты мақсат екенін ерекше атап өтті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Денсаулық сақтау министрлігі: Церебралды сал ауруы және басқа да аурулары бар пациенттер медициналық көмектің толық көлемін алуды жалғастырады

Телеарна ХанТВ

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ