aspan

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ: ХАЛЫҚ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін Астанаға бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов оралды. Әуежайда спортшыларды жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алып, құттықтауларын жеткізді.

Бүгін бас қалаға бокстан әлемдік доданың жеңімпаздары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов келіп жетті. Әуежайда спорт саңлақтарын ата-аналары, туыстары, достары және жанкүйерлері зор қуанышпен қарсы алды. Кездесу бір жарым сағатқа жуық жалғасып, көпшілік батырларды құттықтап, суретке түсіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Чемпиондардың Астанаға келуі жанкүйерлер үшін ерекше қуаныш сыйлаған сәт болды. Қолдарына көк ту көтерген халық спортшыларға гүл ұсынып, ыстық ықыласын білдірді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ҮШІН — ШЫМКЕНТКЕ!

Телеарна ХанТВ

ҮШ БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады

Телеарна ХанТВ