27.3 C
Shymkent
25 апреля, 2026
aspan

БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Маңызды жиынға білім саласының өкілдері, жауапты басшылары, аудан, қала әкімдері селокторлық режимде қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров  жауаптылардың есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.

Бүгінде бірінші кезекте педагогтар даярлайтын оқу орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізу тұр. Қай оқу орнының түлектері білім дәрежесін бақылайтын сынақтардан жиі сүрінсе, сол оқу ордалары туралы ұсыныс берілу керек.Білім саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеруге басымдық берген жөн. Сондықтан Түркістан облысында білім сапасын көтеру бағытында арнайы жоспар әзірлеп, тиісті жұмысты күшейтіңіздер,-деген аймақ басшысы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов өңірдегі білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайы, кадр сапасы және  ваучерлік қаржыландыру тетігінің тиімділігі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста 1 438 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 78 пайызы  – жекеменшік сектор. 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 99,6%-ды құрайды. Бұл республикалық межеден жоғары. Мемлекеттік тапсырыс 1 406 балабақшада 153 мыңнан астам орынға орналастырылған.

Өңірде білім беру жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған «TURKISTAN JANA MEKTEBI» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында 3000 педагог пен 50-ден астам мектеп басшысы MBA бағдарламасы бойынша оқытылып, нәтижеге бағытталған басқару моделіне көшу көзделген.Жиын қорытындысында өңір басшысы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде кадр сапасын арттыру, жекеменшік секторды тиімді реттеу, ваучерлік қаржыландыруды жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ АЗАЙҒАН

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ  ӘКЕТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУДЕ

Телеарна ХанТВ