20.3 C
Shymkent
17 мая, 2026
aspan

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ КҮЛ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Шаһарда «Таза қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза бейсенбі» іс шарасы жалғасуда. Бұл жолы саяси ұйым мүшелері Тұран ауданы Бадам өзененің бойын күл қоқыстан тазартты. Акцияға бастауыш партия ұймдарының төрағалары, аудан ақсақалдары және  жастар ресурстық орталығының волонтерлері, «Жасыл ел» жасақтары қатысты.

 Табиғат жанашырларының  кезекті сенбілігі тұран ауданында жалғасты. Сенбілік жұмыстарына бір кісідей қатысқан барлық мекеме қызметкерлері өздеріне бөлінген аймақтардағы көшелер мен жол жиектерін, арықтар мен әлеуметтік нысандардың айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Әр сенбілікте аталған өзен бойын ретке келтіру жұмысы барысында 60 тоннаға дейін қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылуда. Тазалық шараларына  300-ге жуық адам қатысса 10-ға жуық техника жұмылдырылуда.

Сенбілікке жиналған ақсақалдарда үлгі өнеге көрсетіп осындай шаралардың жастарға берері мол деген пікірде. Бүгінде тазалық шарасына қатысқан жастардың саны көп. Тазалық денсаулық кепілі атты ұранды ұстанған жастар сенбілікке белсенді атсалысты.

Жалпы  «Таза бейсенбі» экологиялық акциясының негізгі мақсаты қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қазірге дейін қалада белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға айыппұлдар салынып  бірнеше фактілер тіркелген. Бұндай келеңсіздіктер туындамау мақсатында және табиғатты таза ұстау барысында тұрғындарғада жиі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ақпараттандырылуда.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ЕНДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЛ МАҢЫНА БІР ТОННА СОЙЫЛҒАН МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТАСТАҒАН ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ