aspan

АЭС САЛУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

Қазақстанның энергетикалық секторы алдында тұрған басты мәселелердің бірі – электр энергиясын тиімді әрі экологиялық таза жолмен өндіру. Осы тұрғыда атом электр станциясын салу келешегі кемел шешімдердің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы – бұл алдағы ұзақ жылдарда елдің табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болмақ.

Атом энергиясы тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істейді. Бұл электр энергиясын өндіруде тәуелділікті азайтады және тұрақты электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Күн мен жел секілді жаңартылатын энергия көздері ауа райына байланысты өзгеріп тұрады, ал АЭС тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істей алады.

Қазақстан – әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекеттердің бірі, сондықтан елімізде атом электр станциясын салу экономикалық және стратегиялық тұрғыдан тиімді шешім болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады

admin

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЮН СОК ЕЛЬГЕ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ