aspan

АХМЕД ӘШ-ШАРАА  УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Сирияның іс жүзіндегі лидері және «Хайят Тахрир әш-Шам» тобының жетекшісі Ахмед әш-Шараа елдің өтпелі кезеңдегі президенті болып жарияланды. Мұны Араб Республикасының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Әш-Шараа бастаған көтерілісшілер желтоқсанның басында шабуылға кірісіп, Башар Асад режимін құлатты. Содан кейін бұрынғы дала командирі Сирияның жаңа үкіметінен өкілеттілік алды. Әш-Шараа Сириядағы жағдайды ауған тәліптерімен салыстырмауға шақырды. Сонымен қатар ол әйелдер құқығын таптамауға, білімді баршаға қолжетімді етуге және исламшыл топтарды қарусыздандыруға уәде беріп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте студенттердің бизнес-жобалары іріктелді

Телеарна ХанТВ

В специальной экономической зоне «Оңтүстік» запускаются 5 проектов

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ