aspan

АХМЕД ӘШ-ШАРАА  УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Сирияның іс жүзіндегі лидері және «Хайят Тахрир әш-Шам» тобының жетекшісі Ахмед әш-Шараа елдің өтпелі кезеңдегі президенті болып жарияланды. Мұны Араб Республикасының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Әш-Шараа бастаған көтерілісшілер желтоқсанның басында шабуылға кірісіп, Башар Асад режимін құлатты. Содан кейін бұрынғы дала командирі Сирияның жаңа үкіметінен өкілеттілік алды. Әш-Шараа Сириядағы жағдайды ауған тәліптерімен салыстырмауға шақырды. Сонымен қатар ол әйелдер құқығын таптамауға, білімді баршаға қолжетімді етуге және исламшыл топтарды қарусыздандыруға уәде беріп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА БІРҚАТАР ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАН

ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Телеарна ХанТВ