aspan

АҚШ-ТЫҢ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

АҚШ бір айдан бері йемендік хуситтерге қарсы әскери операциясын жалғастырып жатыр. АҚШ-тың Йемендегі хуситтер бақылауындағы ел астанасы Сана маңындағы аудандарға жасаған әуе шабуылдарынан кемінде алты адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды.

Бұл туралы дүйсенбі күні йемендік хуситтердің «Аңсар Алла» қозғалысы хабарлады. Көтерілісшілер сонымен бірге елдің солтүстік-батысындағы Хаджа провинциясында америкалық MQ-9 Reaper ұшқышсыз басқарылатын ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Йеменнің хуситтер бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, АҚШ-тың 15 наурызда бастаған соққы науқанынан бері әуе шабуылдарынан 120-дан астам адам қаза тапты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕҢБЕКҚОР ӘЙЕЛДЕР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Телеарна ХанТВ

АЛАҚАН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАУ: ЖАҢА ЖОБА АТА-АНАЛАРДЫҢ СЕНІМІН АРТТЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛДІ

Редактор HAN TV