aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Жас сақшыларға киберқауіпсіздік сабақтары өткізілді

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ оқушыларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберқауіпсіздік сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН МҰЗ ҚАЛА ЖАБЫЛЫП ҚАЛДЫ

Han TV

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖАС ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ХУСИТТЕРГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ