aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Жас сақшыларға киберқауіпсіздік сабақтары өткізілді

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ оқушыларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберқауіпсіздік сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Han TV

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында НҚА жобасы орналасқанын хабарлайды

Телеарна ХанТВ

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ