13.3 C
Shymkent
7 марта, 2026
aspan

ЖАС ҰЛАНДАР АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚР Қорғаныс министрлігі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерттік іс-шара өтті. «Ана есімі – мәңгі есте» атты тақырыпта өткен бағдарламаға колледж ұжымы, әскери ұландар мен қызметкерлер қатысты. Шара барысында колледж ұжымы әскери қызметте жүрген нәзік жандыларды, әскерилердің жұбайлары мен аналарын арнайы құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Осындай ұстанымды мақсат еткен колледж ұжымы тыңғылықты дайындалып, барша әйел қауымын мерекемен құттықтады. Әйелдер – мейірім мен жылудың, сұлулық пен махаббаттың, тыныштық пен тұрақтылықтың символы. Сонымен қатар олар қоғамның түрлі салаларында табысты еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосып келеді. Іс-шара барысында колледжде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген оқытушылар мен сержанттарға алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік жиын барысында болашақ Отан қорғаушылар әннен өрнек өріп, әсерлі әндерін орындау арқылы қыздар қауымына және ардақты аналарына ерекше ілтипат білдірді. Олар өз өнерлері арқылы әйел затына деген құрмет пен алғыстарын жеткізіп, мерекелік кештің сәнін келтірді. Әсем ән мен жылы лебізге толы бұл сәттер кештің көркін қыздырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кәсіби сержанттардың жұбайлары мен әскери ұландардың аналары да мерекелік жиында назардан тыс қалмады. Оларға құрмет көрсетіліп, арнайы төсбелгілер табысталды. Солардың бірі – Гүлбану Жолдасбекова. Ол бүгін «Отан қорғаушының анасы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапатты ол ұлының оқу мен тәртіптегі жетістіктерінің жемісі деп есептейді. Анасының айтуынша, ұлының ел қорғау жолында білім алып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуі – әрбір ата-ана үшін үлкен мақтаныш.

Мерекелік шара әйел затына деген құрмет пен ілтипаттың айқын көрінісіне айналды. Аналар мен аруларға арналған жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы және отбасыдағы орны ерекше екені тағы бір мәрте атап өтілді. Осындай тағылымды шаралар жастарға үлкен өнеге болып, ананың қадірін түсінуге, әйел затына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

admin

ҚАРАУСЫЗ МАЛ МӘСЕЛЕСІМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ