aspan

ИЗРАИЛЬДІҢ ӘУЕ ШАБУЫЛДАРЫНАН БІР ТӘУЛІКТЕ 37 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

 Газа секторында Израильдің әуе шабуылдарынан бір тәулікте 37 адам қаза болған. Мұны «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Ұшақтар Дейр-әл-Балах, Хан-Юнис және Жабалия қалаларын бомбалаған. Салдарынан Әл-Ахли ауруханасы қираған.

Бұл Газа секторында толық жұмыс істеп тұрған жалғыз медициналық нысан еді. Израиль әскерилері: «Ғимаратта ХАМАС өкілдері жасырынған», — дейді. Аймақта әскери операция өткен айда қайта басталды. Палестина тарапының мәліметінше, өңірде содан бері 1600-ға жуық адам өлім құшып, тағы 4 мыңға жуық тұрғын жараланған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР  ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДЫ КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ 50-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЛҒАН АВТОБУСТАР АЙЫППҰЛ ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ