Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы жылдық жоспарын жүзеге асыруда. Жоспарға сәйкес, №15 Д.И. Менделеев атындағы мектеп-лицейінде «Smart-директор: нәтижеге бағытталған басқару» атты практикалық фасилитациялық талқылау алаңы өтті. Іс-шараның мақсаты – мектептің даму көрсеткіштерін талдау негізінде білім беру ұйымдарын нәтижеге бағытталған басқару үдерісіне кәсіби қолдау көрсету.
Жиынға Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қалалық филиалының тренерлері мен қаладағы жалпы білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Барлығы 125 мектеп басшысы бас қосып, тәжірибе алмасты. Кездесудің негізгі өзектілігі – білім беру сапасын арттыру және мектеп басқарудағы тиімді тәсілдерді талқылау болып отыр.
Фасилитациялық талқылау алаңы екі бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде қатысушылар білім беру сапасын арттыру, мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту және тиімді басқару тәсілдері бойынша өзара пікір алмасты. Ал тәжірибелік бөлімде мектеп директорлары білім сапасын көтеруге бағытталған басқару құралдарымен танысып, әдістемелік тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ өзекті мәселелер талқыланып, инновациялық идеялар ұсынылды.
Фасилитациялық талқылау әдістерінің тиімділігі туралы мектеп директоры сөз қозғады. Оның айтуынша, білім сапасын арттыру үшін мұғалімдер үнемі ізденіп, жан-жақты білім алып, кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сондай-ақ ұстаздар оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығын ескере отырып, сабақ жоспарын икемді түрде өзгерте алуы тиіс. Мұндай тәсіл оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын күшейтеді.
Іс-шара соңында білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылып, қорытынды резолюция қабылданды. Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер мектеп басшылары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, озық тәжірибемен алмасуға және оны білім беру ұйымдарында кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.
