16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫНДАРДЫ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ САН СОҚТЫРҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды 5 млн теңгеге сан соқтырған күдіктіні ұстады. Алаяқтардың құрбаны болған Түркістан облысының тұрғындары полицейге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындары аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Дінмұхамед Әбдәкімге қылмысты ашудағы көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыстарын білдірді. Жәбірленушілердің айтуынша, “зейнетақы алуға көмектесемін”, “мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін” деген бейтаныс әйелдің жалған сөзіне сеніп, берген ақшаларынан айырылып қалған. Тергеу барысында тергеуші Дінмұхамед Әбдәкім күдіктінің алаяқтықтың үш фактісіне қатысы барын, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңге екенін анықтады. Нәтижесінде қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіліп, қаражат жәбірленушілерге қайтарылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗРАИЛЬДІҢ ӘУЕ ШАБУЫЛДАРЫНАН БІР ТӘУЛІКТЕ 37 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ: ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

admin