11.3 C
Shymkent
5 февраля, 2026
aspan

ЭКС ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ НҰРЖАН ТІЛЕУОВТІҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?

Заң үстемдігін қадағалап, әділдіктің салтанат құруына үлес қосуды мақсат еткен «Әділдік алаңы» хабарының кезекті шығарылымында Шымкент қаласының Тұран ауданы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұржан Тілеуовке қатысты шығарылған сот үкімінің заңдылығы мен әділдігі сөз болады.

 2025 жыл, тамыз айы. Отыз жылдан астам уақыт бойы елге қалтқысыз қызмет етіп келген тәжірибелі қызметкер, полиция полковнигі Нұржан Тілеуов пара алу дерегі бойынша күдікке ілініп, қамауға алынды. Көп ұзамай оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот тергеуі басталды. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Осы аралықта сот отырыстарында іс материалдары қаралып, зерделенді. Алайда процеске қатысты сұрақтар азайған жоқ. Қылмыстық іске тікелей қатысы бар куәгерлер арнамызға сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбігенін бүкпесіз баяндады. Куәгердің айтуынша, ол бұрынғы күйеуінің ісіне байланысты ҰҚК-де қызмет ететін туыс інісінен көмек сұрауға мәжбүр болған. Сонымен қатар, дәл осы інісінің Нұржан Тілеуовке қатысты істің өрбуіне ықпал етіп, мәжбүрлі түрде итермелегенін де алға тартты. Бұл мәлімдемелер қылмыстық істің күрмеуі әлі толық тарқамағанын және қоғам назарынан тыс қалған жайттардың бар екенін аңғартады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«БІЗ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫЗ» ЧЕЛЕНДЖІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

Алматыда мопед ұрлаған адам полицейді сүйреп әкеткен

«ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Телеарна ХанТВ