aspan

«ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ»

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Сәлеметсіздерме? Менің есімім Мөлдір! Сіздер хормен Мөлдір деп айтсыздар. Енді құрметті ата-аналар мен сіздерге нұсқау беремін, сіздер оны бұлжытпай орындап отырасыздар. Оң қолымызды көтеріп, оң жақта тұрған ата-анаға “Сіз кереметсіз!” деп айтамыз. Сол қолымызды көтеріп, сол жақта тұрған ата-анаға “Сіз әдемісіз!” деп айтамыз, енді екі қолымызды көтеріп “Бірақ маған жету қайда!” деп аяқтаймыз. Енді бір-біріміздің есімімізді толық танып алдықпа соны тексеріп көрейік. Есімдерін кезекпен айтып, хормен қайталап шығады.

Ата-аналар түрлі түсті доптарды көтермей балаға қатысты нақыл сөз құрастырады. Ата-аналарды бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, логикалық ойлауын, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз? ойыны. Wordwool онлайн платформа арқылы аты-аналар кезекпен ұяшықтарды таңдап жауап беретін болады.

Өсірмейтін тыйымдар Ортаға бір ата-ананы отырғызамыз. Баска ата-аналар сол кісінің жанына келіп тыйымдар мен негатив сөздерді айтып лентаны байлайды. Мысалы жүгірме десе, лентамен аяғын байлап, айқайлама десе аузын байлап кетеді. Солай барлык ата-аналар орындағаннан кейін, отырған кісіге орныннан тұрыңыз дейді. Әрине ол кісі қимылдай алмайды. Сол үшін ата-аналар қайтадан қасына жакындап, лентаны шешіп басқаша айтуга тырысады. Мысалы жүгірме дегеннін орнына жаймен жүр, жылама дгеннін орнына сезімдерінді шығар деген сездер пайдаланады. Талдау: Ортадағы ата-анадан өзін қалай сезінгенін сұрау және біз күнделікті балаға осындай негатив сөздерді айтқан кезде біз оның дамуы мен тұлға болып қалыптасуына және болашағына жолды байлаймыз деп түйіндеу.

 

Ортаға 1 ата-ана шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас арқылы түсіндіресіздер. Басқа ата-аналар не туралы «баяндалып» жатқанын шешулері керек.
Сабаққа кешігіп келген бала
Сабақ оқымайтын бала
Үздік оқушы
Белсенді оқушы
Өте қатал ата-ана
Көңілсіз бала

Кабинет сыртына үш ата-ана шығады. Қалған кабинеттегі ата-аналарға тапсырма беріледі. Яғни бірінші кірген ата-ананы мақтайды, позитив сөздер айтады, екінші кірген ата-анаға мән бермейді, үшінші кірген ата-анаға негатив сөздер айтылады. Талдау: Ата-аналардың өздерін қалай сезінгендері сұралады, яғни бала ата-анадан не күтетінін түсіндіру.

АТА -АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ИДЕАЛДЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС КАРТАСЫ:
МАҚТАУ республикасы. Баланы мақтаңыздар, сол кезде ОЛ ЖОЛЫ БОЛҒЫШ болады !!!
МЕЙІРІМДІ ҚОЛДАР атты регион. Бала бокс грушасы емес – оған өз ыза-ашуыңызды төкпеңіз!!! Одан да оған жақсы эмоция сыйлаңыз!
МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ республикасы! Балаға ӨЗДІГІМЕН бір нәрсе істеуге мүмкіндік беріңіз! ОНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ!
САЛЫСТЫРМАУ облысы. Әр бір БАЛА индивидуалды және ешкіммен САЛЫСТЫРУҒА келмейді!!!
КӨҢІЛ БӨЛУ өлкесі. Баланы күнделігіізге қосыңыз – күнделікті маңызды және қажетті істер қатарына!
ҚОРЛАМАУ өлкесі. Түсінісудің ең жақсы әдісі – белбеу мен ұрыс емес, келісу, мадақтау және жеңіл жазалау.
БАЛА КӨЗҚАРАСЫНЫҢ аралы. Әр бір баланың өз ойы бар. Оның да ойымен санаса біліңіз!
БІРЛІК аралы. Бірге әрекет етіңіз және барлығы керемет болады!
Құрметті ата-аналар, біздің кездесуіміз аяқталуға жақын. Сіз өзіңізге және сіздің балаларыңызға көмектесетін пайдалы ақпараттар алдыңыз деп үміттенемін. Қазір сіздермен екі қолымызға тәттілерді жинап, мына сөйлемдерді жалғастырып жазып өз ойымызбен аяқтаймыз:
Мен әрқашан …. қажет екенін түсіндім.
Мен өзім үшін ….. алдым.
Мен үшін баламның денсаулығы …..
Мен тағы да …… сөйлесер едім.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАЗИРА ГОЛД ҮН ҚАТТЫ   

Телеарна ХанТВ

ТЖМ басшысы БҚО құтқарушыларына жаңа техника табыс етті

Телеарна ХанТВ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 40 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ