21.3 C
Shymkent
30 сентября, 2025
aspan

Салық төлеушінің дербес шоттарын жіберу

Салық төлеушінің дербес шоттарын жіберу

Салық төлеушілердің назарына ҚР ҚМ 27.02.2018 ж. № 306 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 135-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) Дербес шоттарды бір мемлекеттік кіріс органынан басқа мемлекеттік кіріс органына беру мынадай жағдайларда жүргізілетінін жеткізеді:

  • жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
  • дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың,кәсіби медиатордың;
  • резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;
  • тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;
  • салық агенті болып табылатын бейрезиденттің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.

Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шоттарын құқық мирасқорының(құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша мемлекеттік кірісорганына беру:

1) біріккен, қосылған кезде – беру актісі негізінде;

2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде – бөліну балансы негізінде жүргізіледі.

Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайтаұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шотын беру салықтық тексеру аяқталған соңжәне тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

Құрылымдық бөлімшесінің жеке шотының сальдосын жеке шотқа беруді заңды тұлға, сонымен бірге заңды тұлға жеке салық төлеушімен өз құрылымдық бөлімшесінтануды жою туралы шешім қабылданған жағдайда жүзеге асырады.

Жеке шот ашқаннан бастап беретін салық органында оның жабылған күніне дейінгі кезең үшін беріледі.

Осылайша, дербес шоттарды беру тіркеу деректері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс.

Салық төлеушінің жаңа орналасқан жері, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша Мемлекеттік кірістер органында бұрынғы дербес шоттар жүргізілетін орын бойынша Мемлекеттік кірістер органы жіберген дербес шоттың кіріс сальдосы ескеріле отырып, дербес шоттар ашылады.

 

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

есепке алу, талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің басшысы

Э.Тунгатарова

 

 

 

 

Зейнеткерлер мүлік салығын төлеуден босатылады ма?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлерді жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеуден толық босату туралы ақпарат таратылуда, алайда, бұл ақпарат толығымен шындыққа жанаспайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде заңды мекен-жайы (тұрғылықты жерінің мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген, жеке тұратын зейнеткерлер мүлік салығын төлеуден босатылады.

Мүлік салығын есептеу кезінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК мөлшері пайдаланылады.

Бұдан басқа, мынадай тұлғалар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеуден босатылуға жатады:

  • айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде-Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Геро, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» белгісімен наградталған көп балалы аналар;
  • айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы бо қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ кемінде алты адам жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдар 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де адамдар.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанында аяқталады.

 

 

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

өндірістік емес төлемдер бөлімінің

бас маманы К.Мырзабекова

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық— қоғамымызға қауіп,

онымен күресу — ортақ міндетіміз!

 

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік қызмет және салық саласында сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде атсалысады.

Күн сайын біз өз қызметімізде адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге ұмтыламыз, сонда салықтық түсімдер азаматтарымыздың игілігі үшін жұмсалады.

Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресеміз:

Ашық жұмыс процесі: Салықтық және кедендік қызметтермен байланысты барлық процестер азаматтар үшін ашық және қолжетімді.

  • Білім беру және ақпараттандыру: Біз мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды құқықтық нормалармен, коррупцияның орынсыздығымен және оның салдарымен таныстыратын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
  • Күрес механизмдері: Біз адам факторын азайтып, коррупцияны болдырмау үшін электрондық декларация жүйелерін енгізудеміз.
  • Кері байланыс: Біз азаматтарды коррупциялық әрекеттер туралы хабарлауға шақырамыз, толық анонимділік пен құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып.

Есіңізде болсын: сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрқайсымыздың міндетіміз!

Бізге хабарласудан тартынбаңыз, процестерді бақылаңыз, бірге таза және адал қоғам құрайық!

Тек сіздермен бірге біз Қазақстанды сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамға айналдыра аламыз!

 

 

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

басшысы орынбасары Данияр Ермекулы

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Телеарна ХанТВ

АЩЫ СУ – ЗАҢ АЯСЫНДА.