17.3 C
Shymkent
30 сентября, 2025
aspan

Судьялар арасындағы ХІ Спартакиаданың финалдық ойындарында спорттың тоғыз түрінен мықтылар анықталды

Шымкенттегі Орталық стадионда Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ұйымдастыруымен ХІ Спартакиаданың финалдық ойындары өтті. Іс-шара сот жүйесі қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісіне айналған бірлік пен спорттық құштарлық рухында өтті.

◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Олар спортшыларға адал бәсеке, жаңа жеңістер, кәсіби бірлігінің одан әрі нығаюын тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

◾️ Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, арқан тартыс, бильярд, теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы кірді.

◾️ Еліміздің барлық өңірінен келген 20 команда жеңіс үшін өзара күш сынасты. Спорттық мереке алуан түрлі көрме қойылымдарымен басталып, қызық әрі тартысты бәсекеге ұласты.

◾️ Жарыс жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген құлшынысын көрсеткен мықты командалар мен спортшыларды анықтады:

БИЛЬЯРД:

✔️ I орын – Жоғарғы Сот командасы;

✔️ II орын – Кассациялық соттар командасы;

✔️ III орын – Қызылорда облыстық соттарының командасы.

ҮЛКЕН ТЕННИС:

✔️ I орын – Марат Молдагельдин (Шығыс Қазақстан облысы);

✔️ II орын – Бақытқазы Ордабаев (Қостанай облысы);

✔️ III орын – Айбек Әбу (Алматы облысы).

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ:

✔️ I орын – Дәулетияр Машрапов (Түркістан облысы), Наталья Бурбаева (Қостанай облысы);

✔️ II орын – Нұрлан Нұрсапынов (Астана), Жанат Әбенова (Алматы қ.);

✔️ III орын – Нұрлан Еламанов (Қызылорда облысы), Зәуре Момбаева (Қарағанды облысы).

ШАХМАТ:

✔️ I орын – Дихан Әлиасқаров (Әскери сот), Роза Айнақұлова (Кассациялық соттар);

✔️II орын – Еркінбек Садықов (Шығыс Қазақстан облысы), Жұлдыз Қыпшақбаева (Абай облысы);

✔️ III орын – Талғат Баратбеков (Алматы қ.), Айжан Күлбаева (Астана).

ДОЙБЫ:

✔️ I орын – Амангелді Мүсілімов (Қызылорда облысы), Айгүл Жүсіпова (Шымкент қ.);

✔️ II орын – Ұлан Қажыкен (Алматы қ.), Нина Годлевкая (Қызылорда облысы);

✔️III орын – Нұрдәулет Рахынбаев (Шымкент қ.), Гүлнар Әселбаева (Жетісу облысы).

АРҚАН ТАРТЫС:

✔️ I орын – Маңғыстау облысы соттарының командасы;

✔️ II орын – Алматы қаласы соттары командасы;

✔️ III орын – Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ:

✔️ I орын – Бек Нұрниязов (Ақтөбе облысы), Лаура Бинали (Жетісу облысы);

✔️ II орын – Қайрат Адранов (Ұлытау облысы), Айгүл Ақтұлиева (Маңғыстау облысы);

✔️ III орын – Жолдыбай Метаев (Қостанай облысы), Раушангүл Байжұманова (Абай облысы).

ШАҒЫН ФУТБОЛ:

✔️ I орын – Астана қаласы соттарының командасы;

✔️ II орын – Алматы қаласы соттарының командасы;

✔️ III орын – Маңғыстау облысы соттарының командасы.

ВОЛЕЙБОЛ:

✔️ I орын – Абай облысы соттарының командасы;

✔️ II орын – Маңғыстау облысы соттарының командасы;

✔️ III орын – Алматы қаласы соттарының командасы.

ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

✔️ I орын – Абай облысы соттарының командасы;

✔️ II орын – Астана қаласы соттарының командасы;

✔️ ІІІ орын – Маңғыстау облысы соттарының командасы.

◾️ Жеңімпаздар грамоталармен, кубоктармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 1 000 КҮН ТОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ХУСИТТЕРГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҰРАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Телеарна ХанТВ