aspan

КАУСАР КӨШЕСІ – УӘДЕ БАР, ЖОЛ ЖОҚ

Нұртас шағын ауданындағы Каусар көшесі  әкімдіктің жыл сайынғы уәдесіне қарамастан әлі күнге дейін жөнделмей келе жатқан басты көшелердің бірі. Қыста лай, жазда шаңнан көз ашпаған тұрғындар күнделікті қиындыққа тап болып отыр. Ал мәселенің нақты қашан шешілері – әлі де белгісіз

Нұртас шағын ауданында қоныстанғанына 10 жыл болған тұрғындар әлі күнге дейін дұрыс жолдың игілігін көрмей келеді. Қаладағы ең үлкен көшелердің бірі саналатын каусар көшесінде жағдай мүшкіл. өткен жылы әкімдікке барған жұртшылыққа “көктемде жол салынады” деп сендірген. Алайда, көктем де өтті, жаз да артта қалды. Бірақ нәтиже жоқ. уәде көп.

Кім көрінген келіп, көшенің бойындағы шөпке қоқысын төгіп кетеді. Балалар болса күнде мектепке немесе өзге жаққа бару үшін ойық-ойық жолмен жүруге мәжбүр. Жауынды күні батпақ, құрғақта шаң-тозаң дейді тұрғындар.

Каусар көшесі – Нұртас шағын ауданындағы бас көшелердің бірі. Генплан бойынша бұл жерден үлкен жол өтуі тиіс. Әкімдік өкілдері мәселенің шешілуін қыркүйектегі сессия отырысына тіреп отыр. Айтуларынша, қаржы қаралған жағдайда ғана жұмыс басталады ДЕЙДІ ЖАУАПТЫ МАМАНДАР.

“Қаржы қаралса ғана жұмыс басталады” деген жауаптан тұрғындар әбден мезі болған. Бірақ қашан қаржы бөлініп, қашан жол салынады – ол жағы тағы да беймәлім. Бұл жолы тұрғындар тағыда жауапты маманның сөзіне сенуге мәжбүр болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап hantv.kz сайты хабарлайды.

Телеарна ХанТВ

Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

Телеарна ХанТВ

Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Телеарна ХанТВ