aspan

КӨРМЕДЕ ҚАЗАҚСТАН ПАВИЛЬОНЫ МИЛЛИОНЫНШЫ ҚОНАҒЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан «EXPO 2025» көрмесінде Қазақстан павильоны миллионыншы қонағын қабылдады. Бұл мәртебе жапондық Косуке Хасегаваға бұйырып, оған арнайы құрмет көрсетілді. Ол павильонның заманауи дизайны мен цифрлық шешімдеріне тәнті болып, Қазақстанға баруға қызығушылық білдірді.

 Қазақстан павильоны көрмеде ең танымалдардың бірі саналады. Мұнда елдің цифрландыру, экология, туризм, инновация және «жасыл» энергетикадағы жетістіктері көрсетілген. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Димитри Керкентзес те арнайы келіп, экспозицияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Көрме 13 қазанға дейін жалғасады, оған 160 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым қатысуда.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АНДРЕЯН АРАЛДАРЫНА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ

НАЗИРА ГОЛД ҮН ҚАТТЫ   

Телеарна ХанТВ