aspan

ТАҢДЫ ТАЗАЛЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛҒАН ТҮРКІСТАН

Түркістан – таза қала. Бұл атауға тұрғындар өз еңбегімен, ұйымшылдығымен лайық екенін бүгін тағы бір дәлелдеді. Таңмен таласа оянған қала тұрғындары сенбілікке ерекше көңіл-күймен жиналды. Шараға  1000 жуық қатысушы қатысты. Толығырақ тілші материалында.

Таңғы сағат 8:00-де қала орталығына жиналған халықты жағымды тосынсый күтіп тұрды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырушылар арнайы флешмоб өткізіп, ерте келген еріктілерге сергектік пен шабыт сыйлады. Түркістан қаласы әкімдігі мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатындығын жеткізді.

Түркістан – тек тарих пен руханияттың емес, тазалық пен тәртіптің де символына айналып келеді. Бұл жолы қала тұрғындары «Таза қала» атты ауқымды сенбілікке жұмылып, туған ж  ерінің тазалығы мен көркіне өз үлесін қосты. Сондай-ақ, сенбілікке қатысушыларға арнайы киімдер таратылып, әрбіріне жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар берілді. Тек коммуналдық қызмет өкілдері ғана емес, студенттер, зейнеткерлер, мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары да белесене атсалысты.

Жаңарып, жасарып келе жатқан Түркістан осындай игі шаралармен көпке үлгі болуда. Ал бұл сенбілік – әрбір тұрғынның өз қаласына деген қамқорлығы мен азаматтық белсенділігінің айқын көрінісі болды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТУЫЛҒАН СӘТТЕ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛҒАН: ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЭС БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Телеарна ХанТВ

АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ