aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР, ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ АТАҚТАР, СЫНЫПТЫҚ ШЕНДЕР ТАПСЫРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті. Президент Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады. Президенттің айтуынша, мемлекет Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отыр.Жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті.

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

09.06.2001 жылы туылған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі

Телеарна ХанТВ

САРБЗАДАР ӘСКЕРИ ӘНДЕРДІҢ АВТОРЫ ВИВАТ БАСОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЙНАЛЫМНАН АЛЫНҒАН 400-ДЕН АСА ҚАРУДЫ ЖОЙДЫ

Телеарна ХанТВ