aspan

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауыз су, электрмен жабдықтау және табиғи газбен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 99%. Дегенмен, Сайрам тұрғын алабы, Бозарық және Тұран жаңақұрылыс аумақтары әлі де ауыз сумен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қазіргі уақытта Сайрам және Бозарық аумақтарында абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

Электрмен жабдықтау көрсеткіші – 100%. Сонымен қатар, Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтарына қосымша электр желілерін тарту қажеттілігі бар. Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аймағында электр желілерінің құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары атқарылуда.
Табиғи газбен қамту көрсеткіші – 98%. Табиғи газ жүйесіне қосылуы қажет елді мекендер қатарында Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары бар.
Аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарды қажетті инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар алдағы жылдары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІНІ ТІРКЕУ МЕРЗІМІ 7 АЙДАН 100 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРАДЫ

Редактор HAN TV

ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІН КІМ БАСҚАРУДА?!