Сенат Салық кодексін Мәжіліске қайтарды. Мәжілісте қызу талқылауданөткен салық заңнамасына сенат депутаттары да бірқатар өзгеріс енгізіп Мәжіліске жіберді.Оның ішіне шаруа және фермерлік қожалықтар үшін 230 000 АЕК-тен жоғары табысқа 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық енгізіледі. Төлем карточкаларымен операциялар қосымша құн салығынан босатылады, сән-салтанат заттарына (автомобильдер, кемелер, ұшақтар) акциз тек импорттау кезінде ғана емес, ел ішінде сатылған кезде де алынады. Бұл орайда жеке тұлғалар ғана сән-салтанат заттарына акциз төлейтін болады. Үкімет мүшелері салықтан жалтарып жатқан ірі компаниялардың әрекетінен салықтан қағылып жатырмыз деді. Толығырақ тілші тарқатады.
Салық жыры сенатта жырланды. Өздеріңізге мәлім үкімет қосымша құн салығын 20 пайызға өсіруді ұсынып, Мәжілісте біраз пікір-талас орын алғанды. Бірақ депутаттар мен шенеуніктердің шайқасынан соң құн салығының көлемі 12 пайыздан 16 пайызға өсетін болды деген келісімге келгенді. Әрине бұл бизнестің көңілінен шығып отырған жоқ. Бизнес салық салмағынан қашып,көлеңкеге кетуі де мүмкін деген сарапшылардың да пікірі жоқ емес. Үкіметтегілер болса салық салуды күшейтпесек, жалтарып жүрген ірі компаниялардың әрекеттерінен салықтан қағылып жатырмыз дейді. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс болған Астана халықаралық қаржы орталығы кейбір компаниялар үшін «ішкі офшорға» айналып бара жатыр.
-«Астана халықаралық қаржы орталығының басшылығымен бірлесіп мұндай схемалардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Ірі компанияның холдингтік құрылым арқылы бас кеңсесін осы қаржы орталығына көшіруі салдарынан бюджетке айтарлықтай шығын келтіруде. Сөз корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы түрінде 200 миллиард теңгеден астам сомаға қатысты болып отыр. Осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет, бұл өз кезегінде барлық нарық қатысушыларына әділ салық салуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс».
Бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов еледіг ірі бизнеске үндеу жолдап, әділетті салықсомасын төлеуді айтқан болатын. Соның ішінде премьер-министр Базис пен BI GROUP құрылыс компанияларын тілге тиек еткені есімізде. Салықшылар бұл мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр дейді.
Не керек, сенат кодексті қарап, өз өзгерістерін енгізіп, мәжіліске кері қайтарды.
Салық Кодексі Мәжілісте қабылданып, Президенттің қол қоюына жіберіліп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін.