25.9 C
Shymkent
15 мая, 2025
aspan

«МЕЙІРГЕР ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Мейіргерлер күніне орай, Түркістан қаласында «Мейіргер қызметін дамытудың инновациялары мен перспективалары»  атты халықаралық форум өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, 19 өңірдің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен білікті сарапшылар қатысты. Шарада еліміздегі ең үздік мейіргерлер  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен мапаратталды. Халықаралық форумда мейіргерлердің қалтқысыз қызметі мен олардың жұмысын жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Олардың беделін көтеріп, осы саладағы жұмысты жандандыру жолдары қаралды. Түркістан өңірінде медицина саласын дамуға күш салынған. Облыста 55 денсаулық сақтау нысаныны салынып жатыр. 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ғимараты пайдалануға берілді. Бүгінде Түркістан облысында 19 мыңнан астам мейірбике халыққа  қызмет етіп жүр. Мамандардың біліктілігін көтеру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. 2023 жылы екі мейіргер Финляндияда оқыса, 2024 жылы 234 мейірбике Астана қаласында біліктілігін арттырды. Олар шетелдік озық тәжірибені жергілікті медицинада қолдануға мүмкіндік алды. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 1532 орта буын қызметкері еңбек етеді. Олар – әр күн сайын адам өмірінің ең шешуші сәттерінде жедел әрекет етіп, көмек көрсетеді. Бүгінде өңірде кеңейтілген практика енгізіліп, 155 мейіргер өздігінен қабылдау жүргізе алады. Бұл — дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, науқасқа көрсетілетін көмекті жеделдетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр облыста 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ғимараты пайдалануға берілді. 2023 жылы облыс 75 жедел жәрдем көлігімен қамтылды. Санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көлігімен толықты. 2024 жылы медициналық ұйымдарға 8,8 млрд. теңгеге 574 дана заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Демографиясы жоғары Түркістан өңірінде денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызы өте зор.

Өңірдегі денсаулық ұйымдарында жалпы 24 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Мамандар тапшылығын шешу үшін Түркістан облысы әкімдігі 5 жылдық жоспар бекіткен. Резидентураға 639 грант бөлу қарастырылып отыр. 2023 жылдан бері 176 грант бөлінді.

Денсаулық сақтау саласында білікті кадрларды даярлау өзектілігі арта түсуде. Осы тұрғыда, медициналық колледждердің рөлі ерекше. Түркістан облысында екі мемлекеттік, Түркістан және Жетісай жоғары медициналық колледждері жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам студент білім алуда. Бұл оқу орындары халықаралық стандарттарға сай аккредиттелген, мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жоғары. Бұл — түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Кәсіби мерекеге байланысты  Түркістан қаласында ұйымдастырылып отырған «Мейіргер қызметінің инновациялары мен даму перспективалары» атты халықаралық форум 14-16 мамыр күндері жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛІМІЗДЕ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

Телеарна ХанТВ

Шымкентте Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

Телеарна ХанТВ