17.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМЫНА 1000-НАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Облыс орталығында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға ҚР ІІМ-нің орынбасары Айдар Сайтбеков арнайы келді. Сондай-ақ шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын сотты болған азаматтар, тұрғындар қатысты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды форум жұмысына сәттілік тілеп,  нашақорлыққа қарсы күрес маңызды іс екеніне тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар өте қажетті мағлұматтар мен профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз пікірлерін білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.

Форумның шымылдығы жастардың синтетикалық есірткіні қолдануы, зияны, тасымалдау үшін қылмыстық жауаптылық бар екенін көрсететін театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнеролик көрсетілді.Жиын соңында «Нашақорлыққа жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!» ұранымен тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Алдын алу үшін ұсыныстар білдіріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ

ОТДАТЬ СВОЙ ГОЛОС ЗА ПРОЦВЕТАНИЕ КАЗАХСТАНА

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Телеарна ХанТВ