-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкентте  №96  мектепте мәслихат депутаттары мен Еңбекші ауданы әкімі тұрғындармен кездесті. Ашық жүздесу барысында жергілікті халық  өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Толығырақ келесі сюжетте.

Қазіргі кезде  Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830-ға жетті. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған.  Кездесу барысында тұрғындар жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік, абаттандыру және басқа да әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын қойды. Әкімдік өкілдері көтерілген мәселені назарға алып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Кездесу соңында аудан әкімі Досбол Есілбек тұрғындардың барлық ұсыныстары мен өтініштері ескерілетінін айтты. Әрбір мәселе бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімі белгіленетінін жеткізді. Сонымен қатар, кейбір сұрақтардың жедел шешілетінін, ал күрделі мәселелер кезең-кезеңімен жоспарға енгізілетінін атап өтті. Әкімдік өкілдері халықпен ашық диалог орнату – басты міндеттердің бірі екенін айтып, мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізілетінін мәлімдеді.

 

Related posts

Хабарландыру! «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

Телеарна ХанТВ

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ШЫМ ҚАЛА КЕШІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ДІН ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ