aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРДІ ӘУЕЖАЙДА ҰСТАДЫ

ШҚО-да полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады. Ол 5 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, күдікті біреудің сеніміне кіріп, оның қаражатын иемденген. Осы әрекеті үшін ол іздеуде болған. Жылдар бойы күдікті әділ соттан жасырынған, тұрғылықты мекенжайын жиі ауыстырып, қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласына ұшып келген бетте әуежайда ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ АНАСЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

admin

БІЛІМ ІЗДЕГЕН ЖАННЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Телеарна ХанТВ