13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРДІ ӘУЕЖАЙДА ҰСТАДЫ

ШҚО-да полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады. Ол 5 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, күдікті біреудің сеніміне кіріп, оның қаражатын иемденген. Осы әрекеті үшін ол іздеуде болған. Жылдар бойы күдікті әділ соттан жасырынған, тұрғылықты мекенжайын жиі ауыстырып, қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласына ұшып келген бетте әуежайда ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ КОНФЛИКТ: БОЗШАКӨЛ КӨЛЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМШІЛІКТЕН ЖОЛДЫ БАЛАНСҚА АЛЫП, АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ӨТУІН ТОҚТАТУДЫ СҰРАП ОТЫР

Телеарна ХанТВ

БАЛАҒА ҚАУІП ТӨНГЕНДЕ: ПОЛИЦИЯ МЕН ТҰРҒЫН 3 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚАЛАЙ  ҚҰТҚАРДЫ

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ