5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ХУСИТТЕРГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп Йемендегі хуситтерге қарсы «қатаң және қуатты» әуе шабуылдарын бастағанын мәлімдеді. Ол бұл шешімін хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасауымен түсіндірді.

«Хуситтерге ескерту: Шабуылдарыңды бүгіннен бастап тоқтатыңдар. Әйтпесе, бұрын-соңды көрмеген тозақты бастарыңнан өткересіңдер!», — деді Трамп. АҚШ әскері хуситтердің базаларына, жетекшілеріне және қорғаныс жүйелеріне соққы жасап жатыр.
Хуситтер АҚШ-ты «қатігез агрессия» үшін айыптап, қарымта жауап беретінін мәлімдеді. Олардың 30-дан астам адамы қаза тауып, 100-ден астамы жараланған.Хуситтер соңғы айларда 190-ға жуық шабуыл жасап, көптеген кемелердің бағытын өзгертуіне себеп болды. Бұл аймақ әлемдегі маңызды мұнай тасымалдау жолдарының бірі саналады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАДА ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Телеарна ХанТВ

АҚША ДА ЖОҚ , МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Телеарна ХанТВ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУДІҢ СОҢЫ НЕГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН?

Телеарна ХанТВ