12.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан Экономика

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады.

2026 жылдың алғашқы сегіз айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 102,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға өсті. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 39,6 млрд теңгеге жетіп, 36 пайызға артты. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 56,1 млрд теңгені құрап, өсім 61,7 пайыз болды. Аудан биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстық рейтингте үшінші орынға көтерілді.

– Ауданның әлеуеті зор. Ендігі міндет – осы өсімді нақты нәтижелермен бекітіп, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Инфрақұрылымдық жобалар сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылып, халықтың күнделікті тұрмысындағы мәселелер кезең-кезеңімен шешілуі керек, – деді Нұралхан Көшеров.

Ауданда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы тоғыз елді мекенде 1,6 млрд теңгенің жобалары іске асырылды. Биыл жолдарды жөндеуге 755 млн теңге бөлініп, Жіңішке және Қосағаш ауылдарындағы электр желілерін жаңартуға 197 млн теңге қарастырылған. Шарбұлақ ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Атажұрт және Еңбекші ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 632,4 млн теңгеге 69 жоба қаржыландырылды. Биыл 1,2 млрд теңгеге 109 жобаны қолдау жоспарланған. Сондай-ақ 2024 жылы «Үлгілі ауыл» облыстық конкурсында бас жүлде алған Шарбұлақ ауылында 500 млн теңгеге заманауи спорт кешені салынды.
Осы көрсеткіштерге тоқталған өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға және өлкенің тазалығы мен көгалдануына әрбір тұрғын жауапты екенін жеткізді. Тұрғындарды игі бастамаға үлес қосуға шақырды.
Кездесуде Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.
Бұдан кейін тұрғындар сұрақтарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Ашық форматта өткен әңгіме барысында азаматтарға пікірін еркін білдіруге, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді.
Сұрақ-жауаптан кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қапшағай жағалауында «отқа табынушылар» жерленген жәшік табылды

admin

Наурыз көже, жәрмеңке және көптеген сыйлықтар: Астанада көктемгі мереке кеңінен аталып өтілуде

admin

ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ-ҰРПАҚҚА МІНДЕТ