18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте жыл қортындысымен ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын. Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді.

Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«МАН-И» ДАУЫЛЫНАН 8 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ: ТЕРГЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Телеарна ХанТВ

АЭС-ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Телеарна ХанТВ