aspan

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕГЕН 93 ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы тәртібін сақтау бағытында үздіксіз жұмыс атқаруда. Осы мақсатта өткізілген «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды.

Рейд нәтижесінде жаяу жүргіншіге жол бермеген 93 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолдағы жауапкершілікті сезініп, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУДЫҢ БІРДЕН-БІР КЕПІЛІ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

Телеарна ХанТВ

ЖАН ТҮРШІГЕРЛІК КІСІ ӨЛІМІ: 16 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ҚЫЗ БЕН АНАСЫНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕЯЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ

Телеарна ХанТВ