aspan

АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді.Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады.

Жауапты тұлғалармен бірге мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жұмыс мәселелерін көтерді. Мәселен, қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру жайын қозғаған азаматшаға заң талаптарына сай баспананы жекешелендіруге мүмкіндік бар екенітүсіндірілді. Одан бөлек, көпбалалы ана жұмыс орнын ауыстыруды, жұмыс уақытын өзгертуді қарастыруды сұрады. Азаматшаға еңбек шартына сәйкес жұмыс уақыты қысқартылмайтыны ескертілді. Сонымен қатар жұмыс орнын ауыстыру бойынша өтініші қанағаттандырылды.Еркебұлан Дауылбаев жауапты тұлғаларға тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерусіз қалдырмауды тапсырып, көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуі қатаң бақылауында болатынын жеткізді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСЫРЫН ЖЕРАСТЫ ЦЕХЫН АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

Абай университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды 2025 жылғы 20 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Телеарна ХанТВ

МЕЦЕНАТТАР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ 

Телеарна ХанТВ