aspan

6,9 БАЛДЫҚ ЖОЙҚЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,9 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі Осака қаласын қоса алғанда кең аумақта сезілген.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері Кюсю аралының бүкіл аумағында бес баллға дейін, ал Сикоку аралында және Хонсю аралында Хиросима қаласынан Осакаға дейінгі үлкен аумақта үш баллға дейін сезілгені хабарланды.  Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады. Кюсюдің шығыс жағалауы мен Сикокудың оңтүстік жағалауының тұрғындарына биіктігі бір метрге жететін цунами қаупі ескертілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЫЛЫҒЫ БІТЕР ЕМЕС

Телеарна ХанТВ

ТҮНГІ КЛУБТАҒЫ ӨРТТЕН 59 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

АУЛАДА КӨЛІК 7 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ