24.3 C
Shymkent
16 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 «зип-пакет» тәркіленді. Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мәжіліс депутаты шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

Телеарна ХанТВ

«АХЫСҚА ТҮРІКТЕРІНЕ 80 ЖЫЛ»

Телеарна ХанТВ

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

Телеарна ХанТВ