Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында заң жобаларын талқылауға мүмкіндік беретін алаң бар. 2024 жылы Шымкент қаласында 118 нормативтік-құқықтық актілер жобасы орналастырылды, бұл азаматтарға өз пікірлерін білдіріп, заңнаманы қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғаларды мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу, апостиль қою бойынша көрсетілетін қызметтер электронды тәртіпте қол жетімді болмақ. Бұл туралы Айнұр Ақжігітқызы баспаөз конференциясында баяндады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласыда 322 нотариус, 499 адвокат және 1237 заң консультанты жұмыс істейді. Азаматтарға нотариалды қызметтерді жеңілдету мақсатында e-Notary.kz платформасы іске қосылды. Бұл платформа арқылы азаматтар электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы нотариалды куәландырылған сенімхат, ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүліктерін иеліктен шығаруға келісім, некеде болмау туралы өтініштерді және онлайн консультацияларды ала алады.
Әділет департаменті зияткерлік меншік құқық саласында тауар таңбаларына құқықтарды қорғау жұмыстарын жүргізеді.Салада 13 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, нәтижесінде құны 12 миллион теңгеден астам 73 мың данадағы контрафактілік өнім тәркіленіп, заңсыз айналымнан шығарылған.Заң бұзушыларға салынған айыппұлдар 1 220 512 теңге құрайды.Шымкент қаласы бойынша 162 жеке және 7 мемлекеттік сот орындаушы қызмет атқаруда.2024 жылдың 11 айында олардың орындауында 640 мыңға жуық іс болған. 287 мың бойынша өндіріс аяқталған.Заңнамада мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттері нақты белгіленгендіктен, өндірістердің басым бөлігі – 99% — жеке сот орындаушыларының орындауына түскен.
Зияткерлік меншік құқықтары бағытында да маңызды жұмыстар атқарылды. Тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуына бақылау күшейтілді. Салада 13 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, нәтижесінде құны 12 миллион теңгеден астам 73 мың данадағы контрафактілік өнім тәркіленіп, заңсыз айналымнан шығарылды.Заң бұзушыларға салынған айыппұлдар 1 220 512 теңге құрайды.Шымкент қаласының Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу арқылы, әсіресе алимент өндіру сияқты әлеуметтік маңызды істер бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруда.