25.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТІҢ САЛОНЫНА ЖЫЛҚЫНЫ ТИЕП АЛҒАН ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды. Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікте жылқы болған. Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзініңкі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмаған.

Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр. Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАНДЫҚОЛ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ КЕШІРІМ ЖОҚ!

Телеарна ХанТВ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ-ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Телеарна ХанТВ

Шымкенттік кәсіпкерлерге экономикалық-әлеуметтік бағдарламалар туралы түсіндірілді

Телеарна ХанТВ