33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

№ 88 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай  “Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы” атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Шара мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайтып, тарихи санасын қалыптастыру және жастарды әскери дайындыққа баулу болды.

Сайыс барысында қатысушылар түрлі әскери жаттығуларда өз шеберліктерін көрсетіп, сынға түсті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Шараға арнайы қонақ ретінде С.Рахимов атындағы колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Олар колледждің оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктерін таныстырып, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңестер берді.

 Шараның басында қатысушыларға жарыстың кезеңдері мен ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.15-17 жас аралығындағы оқушылар арасында ұйымдастырылған дода 6 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылардың физикалық дайындықтары, және командалық жұмыс дағдылары сынға түсті.Сайысқа ұлдармен қатар қыздар да белсене қатысты. Олар өздерінің ептіліктері мен батылдықтарын көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Нәзік жандыларда  әскери қызмет саласына қызығушылықтарының бар жасырмады.

Сайыс соңында барлық қатысушы командаларға арнайы алғыс хаттар табысталды.Бұл марапаттар мен мүмкіндіктер оқушылардың алдағы жарыстарға деген ынтасын арттырып, олардың жаңа белестерді бағындыруға деген сенімдерін нығайтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫНҒАН ЖОБА ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ