aspan

БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында білім саласы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін сапалы әрі уақтылы үйлестіру және мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану үшін саланы цифрландыру жұмысы күшейе түсті. Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.

– Өңірдегі балабақшалар, мектептер және колледждер толық цифрландыруға өтуі тиіс. Бақылау, талап күшейтіледі. Студенттері оқуға келмейтін, оқу процесін үйлестіре алмайтын колледж басшыларын ауыстыру мәселесін қарастырыңыздар. Оқушылардың мектепке келуін, мектеп асханасының жұмысын қадағалауды цифрландыру бойынша ортақ бір жүйені қолданып, оны жауапты басқармаға интеграциялау қажет, – деген Дархан Сатыбалды тиісті басқарма басшыларына ицфрландыру ісін бірлесе атқару жөнінде тапсырмалар берді.

 Мәжілісте Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков баяндама жасады. 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген 458 мектеп  асханасының 210-ына ақпараттық бағдарламалық комплекс  орнатылып, «Әлеуметік әмиян» жобасымен толық интеграция жасалады. Қалған 248-і «Бизнес әмиян» жүйесіне енгізілмек.

 Аппарат мәжілісінде Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаевтың есебі тыңдалды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде жалпы бюджетке 218,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 101,7%-ға орындалған.

Түсімді молайтпаған және бюджетті тиімді игермеген аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жұмысты ширату туралы тапсырмалар берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КАФЕДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫ ӨРТЕНІП ЖАТҚАН ҒИМАРАТТАН ҚАЛАЙ ЭВАКУАЦИЯЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ