12.5 C
Shymkent
18 октября, 2026
aspan

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өртке байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өртке байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Өрт сөндірушілер

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы кірген.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.

Комиссияның жұмысы ерекше бақылауда», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.

Ес-түссіз күйдегі тағы үш адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, үкімет пен облыс әкіміне тапсырма берді.

Кейінірек балалар омбудсмені Динара Закиева өртке қатысты жаңа деректерді бөлісті.

Полиция өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ-ТЫҢ ШЫҒЫСЫНДА ТАСҚЫН ҚАУПІ КҮШЕЙДІ

Телеарна ХанТВ

ҚАСЫМ -ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

МӘЖБҮРЛІ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР САНЫ 83 МЛН АДАМҒА ЖЕТТІ