29.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Кездесу барысында Президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Екі ел арасында белсенді саяси диалог қалыптасты, сауда-экономикалық әріптестік өркендеді, мәдени байланыстар жанданды және білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардың саны артты. Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін растады.Мемлекет басшысы Чжан Сяоның қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады

admin

 ТУРИСТЕР ОТЫРҒАН КАТЕР ӨРТЕНДІ

Телеарна ХанТВ

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп»

Телеарна ХанТВ